Түркістан облысында 13 канал реконструкциядан өтуде

Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Түлкібас ауданында жалпы ұзындығы 125 шақырымнан асатын қолданыстағы 13 каналды қалпына келтіру жобасын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі таңда каналдың 42 шақырымы толық бетондалды. Кешенді қайта жаңғыртудың негізгі мақсаты - Түлкібас ауданындағы қолданыстағы және жаңадан игерілетін 8600 гектарға жуық егіс алқабын суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету болып табылады. Мердігер мекеме реконструкциялау жұмыстарын жыл соңына дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр.

Құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтау үшін каналға темірбетон плиталарын төсейтін боламыз. Бұл канал салу және реконструкциялау тәжірибесіндегі тиімді тәсіл болып табылады,- деді Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сауда және интеграция министрлігі
Өзгелердің жаңалығы