Түркістанда 100-ге жуық адамды жинап, той жасағандар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 100-ге жуық адамды жинап, той жасағандар анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс ауданының полицейлері әкімдік тарапынан құрылған арнайы мобильдік топтармен бірлесіп, аудан аумағында карантин талабының сақталуы бойынша күні-түні қарқынды қызмет атқаруда. 

Ел арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ рейдтік-профилактикалық шараларды іске асыруда. 

Осындай кезекті тексеріс кезінде полицейлер Арыс қаласында орналасқан мейрамханалардың бірінде болып жатқан қыз ұзату тойының үстінен түсті. Тойға 100-ге жуық қонақ жиналған. 

Осыған орай мобильдік топ келген қонақтарға адамдар көп жиналатын орындарға бармауын, той-жиындарға қатыспауын ескертіп, тойды тоқтатты. Той иесі мен мейрамхана егесіне қатысты іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін СЭББ-ға жолданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы