Түркістан облысына «Hayat-Vax» вакцинасының 17 мың дозасы жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында коронавирусқа қарсы вакцина салдыру пункттерінің саны артты. Бұған дейін Түркістан облысы бойынша 80 медициналық мекемелерде инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп келді.

Қазір екпе егу пунктернің саны 102-ге жетті. Ал, қатерлі індетке қарсы вакцинаны өңірде 163 459 адам салдырған. Екінші компонентпен 40 мыңға жуық адам қабылдаған.
Жалпы 1 ақпаннан облысқа COVID-19 ндетіне қарсы вакцинаның 177 100 дозасы жеткізілген. Бүгін тағы «Hayat-Vax» вакцинасының 17 мың дозасы келді. Сонымен қатар, мамыр айының соңына дейін «Hayat-Vax» вакцинасының 55 000 және «Спутник-V» вакцинасының 29 305 доза күтілуде, - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Түркістан облысында 24 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,41 % құрайды. Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен 10 бірлікке дейін жеткізілді. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 695 281 ПТР- сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 2239 адам тексерілді. Облыс бойынша 1200 инфекциялық және 300 карантиндік және 188 реанимациялық төсек-орын ұйымдастырылған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы