Түркістан облысына 180 мың доза «Спутник V» вакцинасы жеткізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысына бірінші кезекте COVID-19 инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасының 1300 дозасы жеткізілетін болады. Вакцинаның сапасын қамтамасыз ету үшін 600 литрлік екі мұздатқыш камералары бар. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығы мәлімдеді.
Денсаулық басқармасының мәліметінше, бұдан бөлек ақпан айында көлемі 140 л болатын 20 мұздатқыш пен көлемі 600 л болатын тағы екі мұздатқыштар жеткізіледі. Жалпы облыста аталмыш камералардың жетіспеушілігі байқалмайды.
Жалпы 950 мың адамға вакцина егілетін болады. Ең бірінші болып инфекциялық ауруханада жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне. Мұнан соң жедел жәрдем, емханада қызмет ететін мамандарға. Түркістан облысына ақпан айының соңына дейін тағы 180 мың вакцина дозасы жеткізілмек, - дейді қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов.
Өңірде жыл басынан бері COVID-19 инфекциясының 361 жағдайы анықталған, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 17,8 құрайды. Оның ішінде симптомдармен – 62 жағдай, симптомдарсыз 299 жағдай тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әсем Орынбай садақ атудан Азия чемпионы атанды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы