Түркістан облысы тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша көш бастап тұр
Алматыда өткен БҰҰ гендерлік зорлық-зомбылықты жою конферсиясында республика бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық жиі орын алатын елді мекендер белгілі болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанда әрбір 6-әйел зорлық-зомбылыққа тап болады. Тұрмыс жағдайындағы қысымнан жылына жүздеген нәзік жанды көз жұмса, күн сайын әр 5-әйел соққының астында қалады. Сондай-ақ зорлық-зомбылыққа тап болатындар қатарында қарттар мен балалар да бар.
Елімізде отбасындағы зорлық-зомбылық өршіп тұр. Республика бойынша Түкістан облысы нәзік жандыларға тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетуден көш бастап тұр. Деседе өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету қызметі де жемісті жұмыс атқарып жатыр. Зардап шеккендерге 3 түрлі көмек көрсетіледі. Денсаулығын тексерістен өткіземіз, психолог, психотерапевт мамандармен кеңеседі, сондай-ақ полицейскилер мен тергеу жүргізіледі. Бүгінде біздің бастамамыз аясында көптеген әйелдерге көмек көрсетілді, – дейді «Spotlight» бастамасының қызметкері Ажар Бергенева.
Спикерлердің айтуынша, «Spotlight» бастамасы 2030 жылға қарай әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жояды. Ол әлемнің 25 елін қамтыйды. Бағдарлама 5 негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар: құқықтық, институционалдық, әлеуметтік нормалар, деректер және азаматтық қоғам.