Түркістан облысы мал шаруашылығы мен ет экспортынан көш бастап тұр
Түркістан облысының мал шаруашылығы саласы елімізде жетекші орында, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік қолдау мен атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде мал шаруашылығы қарқынды даму жолына түсті.
Былтыр мал шаруашылығы өнімі 470 млрд теңгені құрап, үлесі республикада 1 орыннға шықты немесе 11 % құрады. Еліміздегі ірі қара мал санының 13 пайызы, қойдың 22 пайызы, жылқының 11 пайызы, түйенің 15 пайызы, өндірілген еттің 13 пайызы, сүттің 16 пайызы өңірдің үлесінде.
Облыстағы қой басының 14 %, ІҚМ, жылқының 5 %, түйенің 7 % асыл тұқымды. 2024 жылдың 4 айында ірі қара мал саны 1 млн. 232,5 мың бас, қой мен ешкі 5 млн. 502,4 мың бас, жылқы 484,8 мың бас, түйе 44,5 мың бас, құс 2 млн. 085,5 мың басты құрады. 78,4 мың тонна ет, 235,33 мың тонна сүт, 78,3 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
Ет экспорты бойынша Түркістан облысы республикада көш басында. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%, ұсақ мал етінің 75% облыстың еншісінде (2023 жылы 10,9 мың тонна ІҚМ, 5 мың тонна қой еті экспорталды. Мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық көлемін ұлғайтуда өңірде бордақылау алаңдары мен кешендерін жүйелі дамыту ісі оң септігін тигізуде. Облыста жалпы 9183 ірі қара мал бордақылау алаңы бар. Оның ішінде, 400 басқа дейін 9148 бірлік, 400 бастан 1000 басқа дейін 13 бірлік, 1000 бастан жоғары 22 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр.
Облыста мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде 7 ет өнімдерін өңдеу (24,6 мың тонна), 23 сүт өнімдерін өңдеу (143,2 мың тонна) кәсіпорындары жұмыс істейді. Осы кәсіпорындар есебінен облыста өндірілген еттің 29,0 %, сүттің 21,5 % қайта өңделіп, нарыққа шығарылуда.