Түркістан облысы: құлаған 5 338 электр бағанасы қалпына келтірілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында қатты жауған жаңбыр мен соққан желдің салдарынан зақымданған электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Наурыз айының 13-14 күндері ауа райының қолайсыздығынан аудан, қалалардағы 5 338 электр бағанасы құлап, 100-ге жуық елдімекен жарықсыз қалған. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Полатбековтің айтуынша, бүлінген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары үшін облыстық бюджеттен 260 млн теңге қаражат бөлінген.Оқиға салдарынан Арыс, Кентау қалалары мен Бәйдібек, Ордабасы, Отырар аудандарының электр желілеріне айтарлықтай зиян келді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен зардаптың салдарын жою бойынша арнайы штаб құрылып, тиісті шаралар дер кезінде ұйымдастырылды. Нәтижесінде «KEGOC» АҚ-ға қарасты 110 дана электр бағанасы толығымен орнатылып, іске қосылды. Сондай-ақ, 62 дана СК-26 маркалы электр бағаналары және 3 400 дана оқшаулағыш жеткізілді. Тасымалдау және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, – деді Б. Әнуарбекұлы.Қалпына келтіру жұмыстарына жалпы 170-тен астам техника, 473 адам жұмылдырылған. Жауапты мамандар жөндеу жұмыстары 10 сәуірге дейін толық аяқталатынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Волейболдан Қазақстан чемпионы анықталды
Өзгелердің жаңалығы