Түркістан облысы: 1600-ден астам азамат «Күміс жас» жобасы арқылы жұмысқа орналасады

Түркістан облысында жыл басынан бері жасы 50-ден асқан 1200 адам «Күміс жас» жобасы арқылы жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қатысушылардың басым бөлігі Жетісай, Мақтаарал, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби аудандары және Түркістан қаласында тіркелген. Жалпы биыл өңірде 1656 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, аталған жоба өткен жылы зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында іске қосылған еді. Биылдан бастап қағидаларға бірқатар өзгеріс енгізіліп, жобаға 50 жасқа толған азаматтар қатысуға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ зейнеткерлік жасқа толмаған адам кемінде 1 жыл мерзімге жұмыспен қамтылса, 58 жастан асқандарға зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орындары ұсынылады. Жұмыс беруші айлық мөлшерінің 30%-ын, ал қалғанын мемлекет төлейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: inbusiness.kz
Өзгелердің жаңалығы