Түркістан облысы: 10 айда жол-көлік оқиғаларынан 42 адам қайтыс болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың 10 айында Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларынан 42 адам қайтыс болған, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Былтыр дәл осы мерзім аралығында да 42 адам көз жұмған болатын.
Осы  және өзге де мәселелер облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзышылықтың алдын алу ведомствоаралық комиссиясының отырысында талқыланды.

Есепті мерзімде облыс аумағында 649 жол көлік оқиғасы орын алған. Онда 191 адам қайтыс болып, 797-сі жарақат алыпты.

Республикалық маңызы бар күре жолда 68 жол-көлік оқиғасында 42 азамат қайтыс болған. Жол -көлік оқиғаларының басым бөлігінде жылдамдықты асыру фактісі тіркелген.

Қайғылы оқиғалардың санын азайту мақсатында жо
л полициясына жол ережелерін қатаң орындауға бағытталған іс шараларды күшейту міндеттелді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы