Түркістан музыкалық драма театры алғашқы маусымын жапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан музыкалық драма театры алғашқы маусымын Дулат Исабековтың «Бөрте» пьесасымен жапты. Театр былтыр қазан айында шымылдығын осы қойылыммен ашқан болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қойылым көрерменнің іздеп жүріп көретін сүйікті спектакльіне айналды. Декорация шынайлығымен, сахна киімдері тартымдылығымен, реквизиттер шеберлердің арнайы дайындығымен ерекшеленді.
«Бөрте» 20 рет жұрт назарына ұсылып, оны жалпы 12 мың көрермен тамашалады. Театрда «Фариза», «Махаббат мұнарасы» және «Қорқыт туралы аңыз» қойылымдары да сахналанды.
Театр ашылғалы 4 жаңа қойылымның тұсауы кесілді. Басты рөлдерді елімізге танымал кино және театр әртістері сомдады.
Болашақта да алдыға қойған жоспарларымыздың ішінде жаңа туындыларға, заманауи қойылымдарға ден қойып отырмыз. Өз көрермендерімізді жаңалықтармен, жаңа дүниелермен театрымызға келуге шақырамыз, – деді театр директоры, көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы