Түркістан мектептеріне 600 мың теңгеге дейін айыппұл салынып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысы Білім басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев министрліктің аппарат жиналысында облыстағы білім саласы бойынша дайындаған баяндамасында айтып берді.
Түркістан облысының білім саласындағы өзекті мәселелеріне тоқталды.
Мектепке дейінгі тәрбие бойынша облыста 1 415 мектепке дейінгі ұйымда 151 435 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі ұйымдардың 71%-і жекеменшік балабақшаларын құрайды. Балабақшалар бейнебақылау жүйесімен 100% қамтылған. Облыстағы 423 балабақшада 1 560 кезекші топ ашылып, бүгінгі күні 17 мыңнан аса бала тәрбиеленуде. Бұл 1-6 жастағы балалардың 11,2%-і, - деді ол.
Білім басқармасы басшысының сөзінше, карантинге байланысты балалардың балабақшаға аз баруының негізгі себебі – ата-аналардың өтінішісінің аз түсуі және балабақшалардың санитарлық талаптарды орындамауымен байланысты.
Облыста 913 жалпы білім беру ұйымы бар. Онда 499 894 оқушы білім алып жатыр. Оқу процесі 1-11 сыныптарда қашықтан оқыту форматында жүргізілуде. Ал бастауыш сыныптары үшін санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып, 4 242 кезекші топта 49 413 (9,9%) оқушы білім алып жатыр, - деп атап өтті Рақымбек Жолаев.
Облыста 180 оқушыға дейінгі контингенті бар 157 шағын жинақты мектеп штаттық режимде жұмыс істеуде.
Онымен қоса, басқа мектептерде кезекші сыныптардың саны күн сайын артуда. Алайда Түркістан облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті шағын жинақы мектептерден арнайы рұқсаттама талап етуде. Бұл бойынша үлкен мәселелер көтерілді. Яғни 94 пункт бойынша тексеріліп, сол пунктерге сәйкес біреуі орындалмай қалса, айыппұл салу мәселесіне көшуде. Отырар, Бәйдібек, Төбеби, Ордабасы аудандарында осы мәселелер бойынша 600 мың теңге көлемінде айыппұлдар салынып жатыр. Осы бойынша облыс әкімі орынбасарының алдында біршама мәселені көтеріп, шешуге тырысып жатырмыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Халықаралық «Жыл волонтері» байқауына өтінім қабылдау басталды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы