Түркістан көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Түркістан көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмысына байланысты  8 қыркүйек сағат 18:00-ден 9 қыркүйекке дейін Түркістан көшесінің Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы