Түркістан: Кеден бекетінде құны 5 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сарыағаш ауданында орналасқан «Қапланбек» кеден бекетінде заңсыз тауарларды алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталған.
Ресейден Тәжікстанға бағытталған автокөліктен Түркістан облысы МКД және ҰҚК қызметкерлерімен бірлесе жүргізген бақылау, тексеру жұмыстары кезінде декларацияланбаған офистік техника тауар бары анықталған.
Нәтижесінде жалпы құны 5 млн теңгеге жуық компьютердің жинақтаушы бөліктері бар тауарлар тәркіленді. Бұл деректер бойынша тиісті шаралар қолданылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру артқан
Өзгелердің жаңалығы