Депутат Түркістанға Өзбекәлі Жәнібековтің ескерткішін қоюды ұсынды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл толуына орай өткен конференцияда Парламент Сенатының депутаты Алтынбек Нұқұлы ғалымды республикалық деңгейде толыққанды насихаттау үшін бірнеше ұсыныс айтты.
Оның айтуынша, Түркістан қаласындағы Тарихи-этнографиялық музейге, Торғайдағы «Дала өлкесі» тарихи өлке музейіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімін беру қажет. Оған қоса өзі ашылуына мұрындық болған Арыстан-баб қорық музейі маңында жабылып қалған Өзбекәлі Жәнібеков музейі тарихи-этнологиялық сипатта қайта қатарға қосылуы керек.
Екінші, Түркістандағы шағын көше Өзбекәлі Жәнібеков есіміне үйлесімсіз. Сондықтан жаңа орталықтағы кең көшеге ғалымның есімін беріп, еңселі ескерткішін тұғырына орнату қажет. Үшінші, Өзбекәлі Жәнібековтің 5 томдық шығармалар жинағын толықтырып, жарыққа шығару және өмірінен деректі фильм жасау кезек күттірмейтін шаруа. Мұны Мәдениет және Ақпарат министрліктері қолға алады деп сенеміз, - деді депутат.
Сондай-ақ, ол ғалым білім алған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Өзбекәлі Жәнібеков атындағы аудитория ашуды және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізуді ұсынды.
Бұл ғылыми-тәжірибелік конференция БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан Манделаның немересімен бірлескен қор құрады
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы