2020 жылы Түркістан 100% газбен қамтылмақ
Астана, BAQ.KZ. Биыл Түркістан қаласының тұрғындарының 60 % жуығы табиғи газбен қамтылады. Ал, 2020 жылы қала толығымен табиғи газбен қамтылмақ. Бұл туралы қала әкімі Әліпбек Өсербаев халық алдындағы есебінде мәлімдеді.
«Қаланы газбен қамту 3 кезеңмен жүзеге асырылуда. І кезеңнің жұмыстары бойынша 10518 абонентке газ құбыры жүргізіліп, 43 мыңға жуық қала тұрғынына табиғи газ берілді. Бүгінде ІІ-ІІІ кезеңнің құны 20 млрд 271 млн теңгені құрайтын 11 жоба әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталды», –деді қала басшысы.
Сонымен қатар, қала тұрғындарын электр энергиясымен қамту бүгінде 99,8% құрап отыр. Есепті мерзімде 2 нысанның құрылысы аяқталып, қала аумағындағы 1566 абонент сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көкшетаулық кәсіпкерлер көпбалалы отбасыларға азық-түлік таратты
Өзгелердің жаңалығы