Түркістан декларациясы қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістанда өткен Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде Түркістан декларациясы қабылданды.
Қазіргі заманда гуманитарлық және академиялық ықпалдастықтың өзектілігі артып келеді. Іргетасы орта ғасырда қаланған Түркістан шаһары археологиялық және ғылыми тұрғыда әлі толық зерттелген жоқ. Сондықтан Түрксой мен Түркі академиясының Түркістан өңірінде археологиялық-ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге баса мән беруі өте орынды, - деп түсіндірді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бауырластықтың символы ретінде Түркістанда халықтарымызға ортақ сәулет нысанын салу жөн екенін айтты.
Кеңесіміздің мәртебесін арттырып, институционалдық жолын нығайту мақсатында оны толыққанды ұйымға айналдыру уақыт талабы. Осы ұсынысты саммит қорытындысы бойынша қабылданатын Түркістан декларациясына енгізіп, бекітуді ұсынамын, - деді Мемлекет басшысы.
Ол атап өткендей, қазіргі халықаралық саясат пен қарым-қатынаста Түркі әлемінің маңызы арта түсті.
Түркі кеңесі аясындағы ынтымақтастың болашағы зор деп айтуға негіз бар. Біз өңірлік және жаһандық мәселелер бойынша өзіміздің көзқарасымызды білдіруіміз керек. Біздің дауысымыз нық, әрі айқын болуға тиіс. Осы орайда барлық бастама мен ұсынысты туыс елдермен бірлесе жүзеге асыруға дайынбыз, - деп атап өтті Тоқаев.
Президент Түркістан декларациясын қабылдауды ұсынды.
Сондай-ақ қатысушыларды декларацияның қабылдануымен құттықтап, саммиттің жұмысын аяқтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Вакцинациялауға бөлінген 50 млрд теңгенің қанша бөлігі отандық вакцинаға бағытталған?
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы