Түркістан әуежайында ұшақ ұшу жолағында істен шықты
Көліктегі полиция департаменті әуе кемесінің жолаушылар ұшағы болған-болмағанын нақтылаған жоқ. Ведомство бұл мәселеге қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Түркістан әуежайында әуе кемелерінің бірінде техникалық ақау пайда болды. Оқиға 11 қыркүйек күні ұшу жолағында болған. Қазір мамандар ақауды жою бойынша қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Ұшақтағы ақау туралы ақпарат бұған дейін чаттарда тараған. Кейін бұл мәліметті Көліктегі полиция департаменті растады.
11 қыркүйекте Түркістан әуежайында әуе кемелерінің бірінде ұшу жолағында техникалық ақау пайда болды. Қазіргі уақытта оны жою бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады ведомство.
Алайда Көліктегі полиция департаменті әуе кемесінің жолаушылар ұшағы болған-болмағанын нақтылаған жоқ. Ведомство бұл мәселеге қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Әзірге техникалық ақаудың себебі және оқиғаның өзге де мән-жайлары белгісіз. Тексеру қорытындысы бойынша қосымша ақпарат берілуі мүмкін.