Түркістан: 745 мыңнан астам адам екпе салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр. Соңғы тәулікте өңірде КВИ-дің 56 жағдайы анықталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тәуліктік өсім 0.43 % құрайды. Бүгінде инфекциялық стационарларда 3600 орын бар, 2559 төсек орын бос. Індет басталғалы коронавирустың 12 960 жағдайы тіркелді.Жалпы өңірге COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның 791 610 дозасы жеткізілген. І-компонентпен 745 301 адам немесе 96%, ІІ-компонентпен – 606 474 адам немесе 80% егілген. Кейінгі тәулікте 6154 адам екпе салдыруға ниет білдірген.Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Qatar Airways» Қазақстанға әуе рейстерін ашады
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы