Түркіменстан Еуроодақ елдеріне газ жеткізуге дайын екенін мәлімдеді
Түркіменстан Еуроодақ елдеріне табиғи газ жеткізуді бастауға дайын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Республиканың бұрынғы президенті және «Халқ маслахаты» партиясының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов «Бейтарап Түркіменстан» ресми үкімет газетіне сілтеме жасап. Оның айтуынша, тараптардың ынтымақтастығы екі жаққа да тиімді болмақ. Бердімұхамедов ЕО-ға экономикалық өсуді ынталандыру үшін айтарлықтай көлемде энергия ресурстарын тұрақты жеткізу қажет екенін атап өтті.
Түркіменстан табиғи газды жеткізу мәселесі бойынша еуропалық әріптестермен тығыз жұмыс істеуге дайын. Мақсатты әрекеттердің бір жолы - транскаспийлік бағытты жүзеге асыру, - деді ол Euronews телеарнасына.
1 қаңтарда «Газпром» Ресей газын ЕО-ға Украина арқылы жеткізуді тоқтатқанын хабарлады. Ресейлік газ экспортының 50 пайызы осы бағыт бойынша Еуропаға жіберілді. 2024 жылдың тамыз айының соңында Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен 2024 жылдың соңына дейін күшінде болатын газ транзиті туралы келісімді ұзартпайтынын мәлімдеді. Бұл ретте Мәскеу газды Украина аумағы арқылы тасымалдаудан бас тартқан жоқ.