Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті басталды
Бүгін елордада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммиті басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан президенттері, сондай-ақ ТМҰ-ға бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстан басшылары қатысып жатыр.
Сыртқы істер министрлігінде Түркі мемлекеттері ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесі (ТМҰ СІМК) отырысы өтті.
2021 жылғы 12 қарашада Ыстанбұлда өткен Түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі саммитінде Түркі кеңесінің атауы Түркі мемлекеттерінің ұйымы болып өзгертілгенін еске сала кетейік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы