Түркі мемлекеттері ұйымы миссиясы сайлау ашық, әділ өткенін мәлімдеді

Халықаралық байқаушылардың қатысуымен өткен брифингте Түркі мемлекеттері ұйымы миссиясы сайлау ашық, әділ өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Миссиямыз өз жұмысын аяқтады. Миссиямымыздың қатарында 7 жауапты хатшы болды. Олар - Түркі мемлекеттері ұйымы мүшелері мен дипломаттар. Барлығы Астана қаласындағы бірқатар сайлау учаскесінде болды. Миссия ҚР заңнамасына сәйкес өз міндетін атқарды, - деді Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров.

Сади Джафаров миссия сайлауалды байланыстар аясында 17 наурызда «Ауыл» және AMANAT партияларымен кездескенін айтты.

Делегациялар партиялардың сайлауалды бағдарламаларын талқылады. Сонымен қатар дәл осы күні миссия Орталық сайлау комиссиясы төрағасымен де кездесті. ОСК халықаралық байқаушыларға және жергілікті байқаушыларға сайлауға қажетті барлық ақпаратты түсіндірді. Сайлау күні Түркі мемлекеттері ұйымы №408 сайлау учаскесінде болды. Учаске уақытында жұмысқа кірісіп, ҚР сайлау туралы заңнамасына сәйкес жұмысын жүргізді, - деді байқаушы.

Сөзінше, миссия 32 сайлау учаскесіне барды. Байқаушылар ешқандай құқықбұзушылықты байқамаған.

Мониторинг өткізгеннен кейін миссия сайлау учаскелерінде ешқандай құқықтық және әкімшілік құқық бұзу анықталмағанын мәлімдейді. Заңға сәйкес ұлттық және халықаралық байқаушылардың бақылау жұмысына барлық жағдай жасалған. 

Халықаралық байқаушы атағандай, миссия сайлаудың нәтижесіне әсер ететін ешқандай бұзушылықты байқаған жоқ. Сайлау учаскесінде қажетті ақпараттар берілді. Қалай дауыс беру керегі жөнінде тиісті көмектер көрсетілді.

Сонымен қатар сайлауға кері әсерін тигізбекші болғандар да болған жоқ. Мүгедек және ерекше адамдарға дауыс беруге жақсы жағдай жасалған. Түркі мемлекеттері ұйымы миссиясы сайлау ашық, әділ өткенін мәлімдейді. Халықаралық байқаушылар миссиясы осымен жұмысын тәмамдады. Қазақстандықтарды сайлаудың сәтті өтуімен құттықтаймыз. Сайлау нәтижелері Қазақстанның дамуына, өркендеуіне септігін тигізетініне сенеміз, - деп сөзін қорытындылады Сади Джафаров.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша Exit poll-дың нәтижелері жарияланған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы