Түркі кеңесінің саммитіне дайындық барысы талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) Бас хатшысы Бағдад Әміреевпен келіссөздер өткізді.

Кездесу барысында Түркі кеңесінің күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылып, оның 2021 жылы Түркістанда өтуі жоспарланған бейресми саммитіне дайындық жұмыстары талқыланды.

Түркі кеңесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы 3 қазанда құрылды. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Ыстанбұл қаласында орналасқан. Ұйымның мүшелері Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, ал Мажарстан бақылаушы мәртебесіне ие.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы