Түркі кеңесінің бейресми саммиті бейнеконференция режимінде өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркі кеңесінің бейресми саммитін бейнеконференция режимінде өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Эпидемиялық жағдайға байланысты қазақстандық тарап үстіміздегі жылдың 31 наурызына Түркістан қаласында жоспарланған Түркі кеңесінің бейресми саммитін бейнеконференция режимінде өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім туралы ТМЫК Хатшылығына ресми түрде хабарланды. Бұрын хабарланғандай, саммитке ТМЫК-тің барлық мемлекет басшылары мен осы ұйым бақылаушысы Венгрия премьер-министрі қатысады,-делінген хабарламада.

Бұған дейін форумға қатысуын ТМЫК-қа мүше мемлекеттердің барлық басшылары мен осы ұйымда бақылаушы болып табылатын Венгрияның премьер-министрі растағаны айтылған.

Саммит қорытындысы бойынша Түркістанды Түркі әлемінің рухани астанасы деп жариялайтын Декларацияға қол қойылады деп күтілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы