Түркі академиясының вице-президенті «Достық» орденімен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Түркі академиясының вице-президенті Фузули Мажидлиге ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыстады.
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Достық» ордені мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, сондай-ақ, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достықты және ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін беріледі.
Түркі академиясы 2010 жылғы 25 мамырда Қазақстанның бастамасымен құрылып, қазіргі уақытта түркологияның халықаралық танылған ғылыми орталығы болып табылады. Академияның мүше елдері Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия. Мажарстан байқаушы мәртебесіне ие. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы