Түркі академиясының мәртебесі туралы келісімге қол қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған келісім Академияның мәртебесін, артықшылықтары мен иммунитетін, сондай-ақ мүлкіне қатысты мәселелерді айқындайды.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.


Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және Түркі Академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі Академиясы арасындағы Түркі Академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімге қол қойды.


Айта кетейік, Түркі Академиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Түркі Кеңесінің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылғы 25 мамырда құрылды. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Түркі Академиясының мүшелері - Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия, ал Мажарстан бақылаушы мәртебесіне ие.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы