Түркі академиясы Жүсіп Абдрахмановтың 120 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін  Бішкек қаласында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың қатысуымен қырғыз халықының көрнекті мемлекет қайраткері Жүсіп Әбдірахмановтың 120 жылдығына арналған саланатты жиын өтті. 

Алқалы жиынға Жүсіп Абдрахмановтың туыстары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық миссия басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Т. Сатылганов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясында өткен салтанатты жиын аясында Халықаралық Түркі академиясы Жүсіп Абдрахмановқа және Қырғыз Республикасының құрылуына қатысты архив құжаттары мен тарихи фотосуреттерден арнайы көрме ұйымдастырды. 

Көрмеге Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві, Қазақстан Республикасы Президентінің архиві, Кинофото және дыбыс жазбалары архиві қорларындағы құнды тарихи материалдар қойылған.

Мемлекет басшысы Садыр Жапаров Жүсіп Абдрахмановтың қызметі мен өміріне арналған қырғыз, орыс және ағылшын тілдеріндегі жаңа туындылар көрмесін тамашалады. Көрмені Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі таныстырды.

Іс-шараға қатысушыларға Жүсіп Абдрахмановтың өмірінен сыр шертетін деректі фильм мен «Тағзым» театрландырылған прологы көрсетілді.

Жиында Президент Садыр Жапаров сөз сөйлеп, Жүсіп Абдрахмановтың Қырғыз мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаюындағы, бүгінгі тәуелсіздігінің іргетасын қалауындағы рөлін айрықша атап өтті.

Салтанатты басқосу концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы