Түркі академиясы Әзербайжан бағытындағы бірқатар кітаптың таныстырылымын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Халықаралық Түркі академиясы Нұр-Сұлтан қаласында Түркі мемлекеттері Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Әзербайжан бағытындағы бірқатар кітаптың тұсаукесер шарасын өткізді.

Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рашад Маммадов, Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаев, Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің бірінші хатшысы Музаффар Усманов, Әзербайжан Милли Меджлисінің депутаты, Мәдениет комитетінің төрайымы, Ганира Пашаева, Қырғызстанның экс-мемлекеттік хатшысы Османакун Ибраимов, Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуб Омероглу, С.Сейфуллин музейінің директоры Несіпбек Айтұлы, Қазақстан Жазушылар Одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпіұлы, сондай-ақ, мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. 


Шара барысында Түркі академиясы әзірлеген «Қарабақ – Әзербайжанның жауһары: тарихы, мәдениеті, табиғаты», «Жоғалтқан бақытым: Қарабақтың шынайы оқиғалары» және «Әзербайжан Халық Республикасы» атты кітаптардың таныстырылымы өтті. 


Сонымен қатар Академия басшысы Дархан Қыдырәлі бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадовты Халықаралық Түркі академиясының арнайы медалімен марапаттады.
   

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы