Туризмді дамытудағы екі компонент: нарықтық және тұрақтылық – Trevor Weltman
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтіп жатқан РАТА-2019 көрмесінің алғашқы күнінде форумға қатысушылар туризм саласындағы цифрлық технологиялардың маңызы туралы талқылап жатыр.
РАТА Туристік қауымдастығы әкімлішілігінің бастығы Trevor Weltman туристік бағыттағы бизнесті дамытуда екі негізгі компонент керек деген кеңес айтты.
«Алты айға созылған жұмыс нәтижесі осы көрме болып отыр. Сондықтан ұйымдастырушылар, қатысушылар, Қазақстанға алғаш келген делегациялар үшін қуаныштымын. Азия мен аталған аймақ арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға үміттенемін. Соңғы 3 жыл бойы түрлі пікір алдым. Алғыс білдіремін. Мен – Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша Туристік қауымдастығы әкімшілігінің басшысы Тревор Велтменмін. Компанияға 2016 жылы Вьетнамда қосылдым. Бүгін талқыланатын сауалдардың барлығы осыдан 10-15 жыл бұрын, тіпті 5 жыл бұрын болса да, технологияға қатысты болатын. Қазір де солай. Күнделікті өзіңізге мынадай: Азияға саяхатқа барғанда қандай қызметтер ұсынар едіңіз? деген сұрақты қойыңыз. Негізгі маңызды екі компонент: нарықтық және тұрақтылық. Біз технологияларға көп мән береміз. Аймақтан тыс компаниялармен өзара бәсекеге түсу үшін цифрлық технологиялардың маңыздылығы неде? Компаниялардың инновациялық әлеуеті қаншалықты дамыған? Шынында, көбіне цифрлық технология мен маркетингке негіздеген болса да, біздің операцияларымызды, бизнес үрдісті қаншалықты деңгейде ұйымдастыруға болатынымызды ойлануымыз керек. Сонымен қатар, тұрақтылық компонентін естен шығармаған жөн», - деді ол.
Айта кетсек, қазір Нұр-Сұлтандағы «Көрме орталығында» ТМД-дағы алғашқы Азия-Тынық мұхиты аймақтарының РАТА Travel Mart 2019 көрмесі Қазақстанда өтіп жатыр.