Туризм және спорт министрі Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының президентімен кездесті

ҚР Туризм және спорт министрі Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының президентімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындары аясында Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) президенті Ким Чжэ Елмен кездесті.

Тараптар кездесу барысында Қазақстанда конькимен жүгіру, шорт-трек және мәнерлеп сырғанау спортын дамыту әлеуетін талқылады. Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы Қазақстанмен өзара ынтымақтастықты кеңейтуге, әсіресе спорттық жарыстарды өткізуге қызығушылық білдірді.

Биыл Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы алғаш рет араб елдеріне жасөспірімдер арасында мәнерлеп сырғанау жарыстарын ұйымдастыруға құқық берді. Бұл спорт географиясының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.

Кездесу соңында министр ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды талқылау үшін ISU өкілдерін Қазақстанға ресми сапармен шақырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы