Туризм саласының үздіктері марапатталды

Халықаралық туризм күні аясында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін, салада 15 жылдан астам жұмыс істеген қайраткерлерге, сондай-ақ кәсіби еңбегі үшін «Туризм саласының үздігі» төсбелгісін табыс етті, деп хабарлады BAQ.KZ.

Министр өзінің құттықтау сөзінде туризмнің шынайы әлеуеті тек әдемі табиғат пен кең аумақта, мәдени мұрада ғана емес, ең алдымен адами капиталда жатқанын атап өтті.

Біздің туристік салада жарты миллионға жуық адам жұмыс істейді, олардың көпшілігі ынтагер азаматтар. Сіздер сияқты кәсіби мамандардың қатысуымен біз Қазақстанның туризм әлеуетін толық көлемде аша алатынымызға сенімдімін, - деп түйіндеді министр.

Бұдан басқа, Мәдениет және спорт министрлігінің атынан Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.

Сондай-ақ туризм саласының өкілдері Kazakh Tourism және Astana Invest ұйымдарынан алғыс хаттарына ие болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы