Туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 27,3%-ға артты

2024 жылдың 11 айында елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 777,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 27,3%-ға көп (610,2 млрд теңге).

Инвестициялар көлемінің өсуі 12 өңірде байқалды, көш бастап тұрған өңірлер:

Астана қаласы – 218,2%-ға өсті;

Батыс Қазақстан облысы – 94,5%-ға өсті;

Маңғыстау облысы – 50%-ға өсті;

Атырау облысы – 183%-ға өсті;

Түркістан облысы – 43,7%-ға өсті.

Бұл деректер инвесторлардың Қазақстандағы туристік инфрақұрылымды дамытуға қызығушылығы артып жатқанын және саланың капитал тартуда үлкен әлеуетке ие екенін көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы