Туристік полицияда полиглоттар қызмет етеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Түркістан облысында туристік полиция қызметі жұмыс атқаруда, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ел тарихы мен шет тілдерін жетік меңгерген сала қызметкерлдері облыс орталығындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Отырар ауданындағы Арыстан баб мавзолейінде туристерге қызмет көрсетіп келеді.
Жаңа құрылымның негізгі міндеті – өңірге келген саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Түркістан қалалық туристік полициясының аға инспекторы Шыңғыс Ибраев бұл салады 2019 жылдан бері еңбек етеді.
Мектеп жасында сабақты жақсы оқыған ол ағылшын тілінде жақсы меңгерген. Кейіннен келе арнайы курстарда білімін жетілдіріпті.
Бізге шет елдерден туристер көп келеді. Электромобиль көлігімізге қызығушылық танытады. Өзімізбен суретке түседі. Бізде өз тарапымыздан көмек береміз, – дейді Шыңғыс Дәулетұлы.
Түркістан қалалық туристік полиция қызметінде бүгінде бес адам қызмет атқарады.
Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Барлығы полиглот.
Ал, Отырарлық Марат Төлегеновтың бұл саладағы еңбек етіп жүргеніне бүгінде бес жыл болған.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген ол шетелдік туристер мен өзге өңірлерден келген қонақтарға қызмет көрсетуге әрдайым дайын. Бос уақытында өңірдің тарихын оқып, білімін жетілдіріп отырады.
Арыстан баб кесенесі туристер көп келетін аймақ. Мұнда көптеген алыс-жақын шетелдерден қонақтар жиі келетін. Дегенмен, елімізде COVID-19 пандамениясына қарсы төтенше жағдай орын алғандықтан қазір келіп жатқан туристер жоқ. Жалпы, туристерге қарсы жасалатын қылмыс пен қықық бұзушылықтардың алдын алу және де қонақтардың заттары жоғалып қалған жағдайда тез арада көмек беру қызметтерін атқарамыз. Адасып кеткен шетелдіктер де қызметімізге жүгініп жатады, – дейді Мұрат Маратұлы.