Туристерге жаңа мүмкіндік. Визасыз режим енгізілетін елдердің саны ұлғайтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізілетін елдердің тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді.

2021 жылы визасыз елдердің тізімін 90-ға дейін кеңейту жоспарланып отыр. Электрондық виза алу процесін жеңілдету үшін шетелдіктерге визасыз режим ұсынысы да дайындалып жатыр. Сонымен қатар пилоттық режимде160 қонақүйге E-Qonaq ақпараттық жүйесін енгіздік. Соның арқасында кез келген шетелдік туристке бөлек тіркелудің қажеті болмайды.  Мұның барлығы азамат қонақ үйге орналасқаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады,- Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт министрлігінің алқасында.

Ол 2020 жылы бұл тізім 74 елге кеңейтілгенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанда 105 мемлекеттің азаматтары үшін электронды виза енгізілген.

Біз пилоттық режимде Қытай мен Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз транзитті енгіздік. Одан бөлек 30 күнге дейін шетелдіктерді тіркеуден бас тарттық. Көші-қон карталары да жойылды. Шекарадағы пункттерді модернизациялау басталды. Шетелдік авиакомпаниялар еліміздің 11 қаласына келіп жолаушыларды әкететуге мүмкіндік жасадық, - деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы