Туристерді көптеп тартуға мәдениет саласының әлеуеті жетеді - Президент

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға сапары барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тағы бір өте маңызды сала бұл – мәдениет. Алматы Қазақстанның мәдени астанасы саналады. Мұнда театрлар, музейлер, кітапханалар көп. Almaty Fest, The Spirit of Tengri сияқты ауқымды мәдени іс-шаралар жиі өтеді. Бірақ, тағы да сол мәселе, негізгі мәдениет ошақтары қаланың «тарихи орталығында» шоғырланған. Әкімдік қаланың жаңа аудандарында заманауи мәдени орта қалыптастыруы керек,- деді Мемлекет басшысы.

Сондай- ақ ол туристерді көптеп тартуға мәдениет саласының әлеуеті жететінін айтып өтті.

Мысалы, жақында Алматыда Димаштың концерті өткенін жақсы білесіздер. Оған 65 елден 13 мың турист келді. Мәдени іс-шаралар қаланың рухани өмірін байытуға, шығармашылық әлеуетін арттыруға тиіс. Сондықтан, озық халықаралық тәжірибені үнемі зерттеп, оны, әсіресе, мәдени туризм саласына енгізу қажет. Жалпы, халық тұрмысының түзелуі, мәдениет ошақтарының артуы және басқа факторлар қала тұрғындарының мәдени менталитетін қалыптастырады. Бұл – дамудың маңызды көрсеткіші,- деді Президент.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы