Туристер қонақүйден бір шабадан тамақ алып шықпақ болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Манавгат ауданында демалып жатқан ресейлік туристер елдеріне кетерде қонақүйден шабадандарына толтырып тамақ алып шықпақшы болған. Бұл туралы РИА Новости жазады.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің жазуынша, туристер қонақүйден шығарда, қонақүй қызметкерлері олардың шабадандарын көрсетулерін сұрайды. Шабаданның ішінен пакеттерге оралған таңғы асқа берілген тамақ, су, жеміс-жидек, бөтелкедегі су шыққан.
Қызметкерлер барлық тамақты алып қалып, туристерге ешқандай жаза қолданбай қайтарады.
«Біз all inclusive жүйесі бойынша қызмет жасаймыз («барлығы қосылған»). Бізге келушілер қанша ішіп-жейміз десе де өз еріктері. Бірақ азық-түлікті шабаданға салып өздерімен бірге алып кету деген жарамас», - дейді қонақүй қызметкері.
Қонақүйде туристер all inclusive ережесін дұрыс түсінбеген болар деген пайымға келді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы