БАӘ-ға баратын туристер ПТР тапсыруға міндетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. БАӘ-ға басқа елден баратын барлық әуе жолаушылары коронавирусқа ПТР сынамасының теріс нәтижелерін әуежайда көрсетуге міндетті болады. Шешім 1 тамызда күшіне енеді деп хабарлады БАӘ-нің Қазақстандағы елшілігі. 

Әуе компаниялары уәкілетті зертханалардың сынама нәтижелерін қабылдайды. Кейбір елдердің жолаушылары БАӘ-ға келген соң қайта тексеруден өтіп, сынама тапсырады. БАӘ-дан Ұлыбритания мен ЕО елдеріне баратын барлық жолаушы ұшар алдында ПТР сынамасын тапсыруы керек. БАӘ денсаулық сақтау органдары жүргізілетін коронавирус вакцинасының клиникалық сынағының үшінші кезеңін тексеруге 15 мың ерікті қатысатынын растады, - делінген хабарламада.

БАӘ авиация саласында жолаушылардың сенімін қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар енгізген.

"Эмирейтс" барлық жолаушыға коронавирустан сақтандыру пакетін тегін ұсынған әлемдегі алғашқы әуе компания болды. Жолаушыларға карантинге байланысты шығындар өтеледі.

Бүгінгі таңда БАӘ 1144 тонна көлемінде 90 елге гуманитарлық көмек көрсеткен. 

Айта кетейік, Біріккен араб әмірлігінде коронавирус инфекциясын 59 921 адам жұқтырып, 53 202-сі сауығып шықты. Ал 347 адам көз жұмды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы