Туристер мінген автобус апаты. "ҚазАвтоЖол" ресми мәлімдеме жасады

"ҚазАвтоЖол" Алматы облысында болған жол-көлік оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 27 мамырда сағат 12:40 шамасында Алматы облысы "Көкпек - Кеген - Түп" а/ж - Жалаңаш - Саты – Құрметтi" (Көлсай көлiне кiреберiспен) автожолының 5 шақырымында (Кеген ауданы, Алғабас ауылы, ІІІ санат) жол-көлік оқиғасы орын алды. 

Алдын ала мәлімет бойынша "Yutong" маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен. 2017 жылы бұл автожолдың 0-21 шақырымы аралығында орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жол-көлік оқиғасы орын алған 4-6 шақырым аралығында жол бетінің жағдайы жақсы. Жол белгілері барлық ережеге сәйкес орнатылған, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы