Туристер ағыны артады – ІІМ Армениямен барыс-келісті жеңілдету жөнінде мәлімдеді

ҚР Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Сенаттағы кулуарда журналистерге Қазақстан мен Армения арасындағы сапарларды жеңілдету процедурасынан күтілетін нәтижелерімен бөлісті. Оның айтуынша, бұл екі елдің азаматтары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бізде Армениямен өте ұзақ уақыттан бері жақсы, тығыз достық қарым-қатынас орнаған. Елге баруға екі ел азаматтарының да өзара қызығушылығы бар. Менің ойымша, жеңілдету ең алдымен туристік ағынның артуына әкеледі, – деді Лепеха.

Оның айтуынша, 2024 жылы шамамен 3800 қазақстандық Арменияға барған, оның 1200-і туристік мақсатта.

Ел ежелгі, мәдениеті қызықты, сондықтан біз одан да көп қазақстандықтардың туристік сапарларға барады деп ойлаймыз, – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Лепеха экономикалық саладағы перспективаларға да тоқталды. Қазір Қазақстанда армян кәсіпкерлері үшін тек бір ғана бизнес-виза берілген. Алайда вице-министрдің пікірінше, процедураларды жеңілдету арқылы көбірек кәсіпкерлер мен инвесторларды тартуға болады.

Яғни мұнда біз ешқандай саяси бағытқа ауысып отырған жоқпыз. Біз тек осы елмен одан әрі достық қатынастарды дамытуды көздеп отырмыз, – деп қорытындылады ІІМ өкілі.

Ес ке салайық, бұған дейін ендіҚазақстан азаматтары Арменияға жеке куәлікпен бара алатынын хабарладық. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы