12 Қаңтар 2025 2025, 17:15
Туринде өтетін универсиадада хоккейшілеріміздің ойын кестесі
Туризм және спорт министрлігі Туринде өтетін универсиадада хоккейшілеріміздің ойын кестесін жариялады
Туризм және спорт министрлігі Туринде өтетін универсиадада хоккейшілеріміздің ойын кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әйелдер құрамасы "B" тобында мықты қарсыластармен: Жапония, АҚШ және Чехия құрамаларымен кездеседі.
Матчтар:
- 13 қаңтар, 00:00 — Жапония - Қазақстан
- 14 қаңтар, 20:30 — Чехия - Қазақстан
- 16 қаңтар, 20:30 — Қазақстан - АҚШ
Ерлер құрамасы "A" тобында өнер көрсетеді. Олар Корея, Канада, Швеция және Чехия командаларымен жарысқа түседі.
Матчтар:
- 12 қаңтар, 20:30 — Швеция - Қазақстан
- 14 қаңтар, 20:30 — Қазақстан - Корея
- 16 қаңтар, 00:00 — Канада - Қазақстан
- 17 қаңтар, 00:00 — Қазақстан - Чехия
Хоккей турнирі 11-22 қаңтар аралығында Турин маңындағы екі аренада өтеді.
Спортшыларымызға сәтті ойындар мен жарқын жеңістер тілейміз!