Түрікменстанда бірнеше рет сөгіс алған шенеуніктер мемлекеттік марапат алды

Астана, BAQ.KZ. Түрікменстанда 27 қаңтар күні тойланатын Отан қорғаушылар күні қарсаңында президент Гурбангулы Бердымухамедов бірқатар шенеунікті марапаттады.

Мемлекеттік шекара қызметінің бастығы, полковник Шадурды Дурдыев генерал-майор әскери атағын алды.

Осындай атақ Мемлекеттік кеден қызметінің бастығы, полковник Атадурды Османовқа да бұйырды. Оған 2018 жылы екі рет ауыр сөгіс жарияланған.

Гурбангулы Бердымухамедов 2-квалификациялық кластың 3-квалификациялық класымен Жоғарғы соттың төрағасы Гылычмырат Халлыевты, әділет саласының аға кеңесшісі Батыр Атдаевты 3-кластағы мемлекеттік әділет кеңесшісі шенін беру туралы жарлыққа қол қойды.

TDH ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жарлықтарға қол қойғаннан кейін мемлекет басшысы әскери және құқыққорғау органдарының басшыларына тиісті төсбелгілерін өзі табыстады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы