Түрікменстандықтарға Өзбекстанға тауар кіргізуге тыйым салынды
Астана, BAQ.KZ. Дашоғызвелаятының ресейлік паспорты және өзбек визалары бар тұрғындары Өзбекстаннан 10 килограмға дейін жүк кіргізе алатын. Көбіне бұл түрікменстандық тоқыма өнімдері болатын.
Тұрғындар шекара маңындағы Үргенч, Шауат немесе Хиуада тұратын туыстарына сыйлық ретінде тауарды өткізетін. Кейбірі өнімдерін сатып, Түрікменстанда дефицит не қымбат тауарларды алып келетін. Мысалға, Өзбекстаннан екі қорап темекі мен екі бөтелке кока-кола алып келетін.
Бірақ 10 наурыздан бастап түрікменстандық шекарашылар көршілес елге тауар шығаруға тыйым салған, деп жазады «Хроника Туркменистана» тілшілері. Бұл туралы адамдарға «Дашоғыз автожол» шекара пунктінде хабарлап жатыр. Неліктен тыйым салынғанын шекарашылар түсіндірмейді.
Өзбек тарапы жеке тұлғаларға тауар кіргізу не шығаруға қатысты тыйым салған жоқ. «Дашоғыз автожол» өткізу пункті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ашық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үкіметтің жұмыс тобы кәсіпорын басшыларымен кездесті
Өзгелердің жаңалығы