Тұрғындардың келісімінсіз үйді бұзуға бола ма? Министрлік жауап берді
Апатты үй иелеріне жаңа баспана немесе келісілген шарттар бойынша жылжымайтын мүлікті сатып алу ұсынылуы тиіс.
Тұрғын үйді реновациялау бағдарламасы аясында үйлерді бұзу тек меншік иелерінің келісімімен жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның айтуынша, азаматтардың реновация бағдарламасына наразылығы көбіне көшіру шарттары мен ұсынылатын жаңа баспананың сипаттамаларына байланысты.
«Реновация тұрғындардың келісімі негізінде жүргізілетінін түсіну қажет. Меншік иелері үйді бұзуға келісім бермейінше, тиісті жұмыстар жүргізілмейді», – дейді Бақытжан Жүнісбеков.
Ол бағдарламаның негізгі шарттарының бірі апатты пәтер иелеріне жаңа баспана беру екенін түсіндірді.
«Апатты тұрғын үйдің меншік иелеріне жаңа баспана беріледі. Айырбастау кезінде пәтердің ауданы ескеріліп, шарттар жылжымайтын мүлік иелерімен келісіледі», – деді комитет төрағасы.
Бұл ретте меншік иесі ұсынылған нұсқалардың бірін өзі таңдауға құқылы.
«Меншік иесі шарттарды өзі таңдайды: жылжымайтын мүлкін сатады немесе оны жаңа баспанаға айырбастайды. Қай жағдайда да оның толық келісімі қажет. Меншік құқығы Конституциямен қорғалған», – деп атап өтті Бақытжан Жүнісбеков.
- Олимпиада-2028 ойындарына БАҚ өкілдерін аккредиттеуге өтінім қабылдау басталды 00:22
- 29 перзентханада санитарлық режим бұзылған – Денсаулық сақтау министрлігі 09.09.2026
- Артық жүк жолды тоздырып жатыр: «ҚазАвтоЖол» 870 мың заң бұзушылықты тіркеді 09.09.2026
- Астанаға ағылған халық: 6 айда елордаға 32 мың адам көшіп келген 09.09.2026
- Қазақстан мен Әзербайжан пароммен жолаушылар тасымалын қайта бастайды 09.09.2026
- Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай кешені бой көтеріп жатыр 09.09.2026
- Жаңбыр мен аптап ыстық: 10 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 09.09.2026