Тұрғындардың 185 миллион теңгесін жымқырған алаяқ сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда тұрғындарды 185 миллион теңгеден астам сомаға алдап соққан алаяқ сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2019 жылдың тамызында 64 адам Дилфуза Алдабергеноваға қарсы 185 миллион 802 мың 400 теңгені құрайтын материалдық залал келтірілгендігі туралы ұжымдық мәлімдеме жасаған. Бұл факт Бостандық аудандық ПБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1,4-тармақтары бойынша тіркелген.
Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғаны, 2018 жылдың маусым айынан бастап, 2019 жылдың қыркүйек айына дейін азаматша Алдабергенова әлеуметтік желілер арқылы инвестициялық жобаның ашылатындығын жариялады. Жобаның мәні букмекерлік кеңселерге, сондай-ақ әртүрлі бизнес-жобаларға ақша салу арқылы қаражатты көбейту болды. Осылайша, салымшылар 30% және 50% пайда табу үшін банктік карталар арқылы ұйымдастырушыға және басқа адамдарға қаражат аударған. Бірақ кейіннен ешқандай пайда таппаған. Ал азаматша Алдабергенова салынған қаражатты тұрғындарға қайтармаған. Тергеу барысында күдікті ұсталып, сот шешімімен қамауға алынды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.Тергеу Дилфуза Алдабергенованың кінәсін дәлелдеді. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу куәландырылып, олардың материалдары сотқа жіберілді. Алмалы аудандық сотының судьясы Д.Алдабергеноваға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша алты жыл сегіз ай мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлімханұлы Риота Муратамен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты
Өзгелердің жаңалығы