Тұрғындар тегін медициналық тексерістен өте алады
Астаналықтар тегін медициналық тексерістен өте алады. Дүниежүзілік инсультпен күрес күні аясында елордадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Ашық есік күні өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астаналықтар тегін медициналық тексерістен өте алады. Дүниежүзілік инсультпен күрес күні аясында елордадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Ашық есік күні өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Іс-шараның басты мақсаты – халық арасында инсульттің алдын алу, қауіп факторлары және ауруларды ерте анықтаудың маңыздылығы туралы ақпаратты кеңінен тарату.
Іс-шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен және Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының қатысуымен ұйымдастырылып отыр.
Бағдарлама аясында:
- тегін жедел диагностика жүргізіледі;
- қан қысымы, холестерин мен қандағы қант деңгейі өлшенеді;
- невропатолог, терапевт, кардиолог және салауатты өмір салты мамандарының кеңестері беріледі;
- тұрғындарға инсульттің қауіп факторлары туралы ақпараттық материалдар таратылады.
Қазіргі кезде инсульт дерті едәуір «жасарып» барады. Бұл ең алдымен адамдардың аз қимылдауымен және профилактикалық тексерулерге немқұрайлы қарауымен байланысты. Көптеген науқастар жыл сайын өтуі тиіс жоспарлы медициналық қаралудан өтпей, дерттің алдын алу мүмкіндігін жіберіп алады, - деп түсіндірді Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы жанындағы республикалық инсульт мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығының басшысының міндетін атқарушы Жанел Бәкірова.
Инсультпен күрес қызметінің жұмысын Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы жанындағы Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы үйлестіреді.
Бұл орталық еліміздегі 85 инсульт орталығына әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді. Оның құрамында 32 III деңгейлі, 30 II деңгейлі инсульт орталықтары мен 23 инсульт төсегі бар медициналық ұйымдар бар.
- Петропавлда ер адам итке қатыгездік көрсетіп, қинап өлтірген 15:30
- Атыраудағы қанды қылмыс: Қайынжұртын өлтірген Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды 15:25
- «Жерлеу концерті» тоқтатылды: Астанадағы жертөледен 65 адам шығарылды 15:12
- Астана – Петропавл жолында автокөлік өртенді: Қаза тапқандар бар 14:54
- «ҚазАгроҚаржы» жарты жылда 250 млрд теңгеден астам сомаға техниканы лизингке берді 14:35
- "Дұрыс емес шешім" – эколог Алматыдағы арықтардың бетонмен жабылуына қарсы шықты 14:17
- Ірі кәсіпорындардың ауаға шығарындылары енді автоматты түрде бақыланады 13:59