Тұрғындар Ресеймен шекарадағы ауыл атын өзгертуді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресеймен шекаралас Құрманғазы ауданының Байда ауылдық округiнің әкімі Жүсіп Төреғалиевтің айтуынша, бұл мәселе тұрғындар жиынында қозғалған.
Екі елдің шекарасындағы ауылымыз Котяев аталады. Ауыл атауын өзгерту мәселесі тұрғындар арасында көптен бері көтерiлiп келеді. Бірақ бұл – бүгінге дейін шешімiн таппаған мәселенің бірі. Ауыл мен округтiң атауын өзгерту мәселесі қозғалған жиында ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері мен тұрғындар өз ұсыныстарын ортаға салды, - дейді Жүсіп Төреғалиев.
Оның айтуынша, тұрғындардан екі ұсыныс түскен. Оның бiрiншici – Котяев атауын Бөкей хан деп өзгертiп, округтiң атауын бұрынғыша қалдыру. Екінші ұсыныста округке де, ауылға да қазақтың бiртуар тұлғасы Бөкей ханның атын беру айтылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысы Қызылорда өңіріне 400 тонна шөп жөнелтті
Өзгелердің жаңалығы