Тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесіне қанша нысан ауысқаны белгілі болды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

2020 жылдың қаңтарынан бастап реформаны жүзеге асыру реформаны тиімді жүзеге асыруға әсер ететін бірқатар проблемалық мәселелерді анықтады, осыған байланысты министрлік қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына түзетулер пакетін дайындады. Заң жобасы көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару тетігін жақсартуға бағытталған және тұрғын үй қатынастары субъектілерінің кейбір функцияларын нақтылайды, - деді  Бауыржан Қабдол.

 Оның айтуынша,  бүгінгі таңда республика бойынша кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына көшуге жататын 46 522 үйлың 42 011  (90,3%) көшірілгенін, оның ішінде 4 109 МИБ-ке, 37 902 ЖС-ке көшкенін атап өтті.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына жүз пайыз көшу қамтамасыз етілді,- деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы