Тұрғын үйден шыққан өрт: ШҚО-да 13 тұрғын эвакуацияланды

Шығыс Қазақстан облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тұрғын үйде шыққан өрт кезінде үш адамды құтқарып, 13 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Өскемен қаласының Ломоносов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйде тіркелді. Үйдің бірінші қабатындағы пәтерде жиһаз бен жеке заттар өртенген.

Өрт орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері құтқару қалпақтарын пайдаланып, қауіпті аймақтан 13 адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады. Сонымен қатар жанып жатқан пәтерден екі ересек адам мен бір бала құтқарылды.

Өрт 20 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, сақ болуға және өрттің туындауына себеп болуы мүмкін қауіп факторларын дер кезінде жоюға шақырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay
Өзгелердің жаңалығы