Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй өртеніп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы «Британский квартал» тұрғын үй кешені өртеніп жатыр, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.  

Елордадағы Сарқырама көшесінің бойында орналасқан «Британский квартал» тұрғын үй кешені өртеніп жатыр.


Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламаға сәйкес, өрт Алматы ауданындағы Сарқырама көшесіндегі 6 қабатты үйден шыққан. Оқиға туралы ақпарат сағат 19.39-да келіп түскен. 

«Оқиға орнына Төтенше жағдай өкілдері 19:46-да жеткенде шатырдағы өрт шамамен 100 шаршы метр аумақты қамтып үлгерген. Өртті ауыздықтауға елордалық төтенше жағдай департаментінің 61 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылған», - делінген хабарламада. 


Өрт сөндіру қызметкерлері жеткенше тұрғындар эвакуацияланып болған, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы