Тұрғын үй нарығындағы баға қалай өзгерді

2024 жылғы қаңтарда тұрғын үйді алып-сату бойынша 31 713 мәміле тіркелген, еп хабарлайды BAQ.KZ.

Бір жылда (2024 жылғы қаңтармен 2023 жылғы қаңтарды салыстырғанда) жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 2,9% өсті, ал қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағалары 4,4% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2024 жылғы қаңтарда 4,3% жоғарылады.

Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтер нарығында жылдық мәнде баға Қызылорда және Қостанай қалаларында қымбаттады, сәйкесінше 11% және 6,2%. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімінің лидері – Атырау (8,2%) мен Жезқазған қалалары (5,4%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында – Жезқазған (26,7%), Қарағанды (23%) және Атырау қалалары (21%).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы