Тұрғын үй нарығын не күтіп тұр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев мәлімдеді.
Тұрғын үй нарығында тапшылық мәселесі дәл қазір алда тұрған жоқ. 1-2 жылдың ішінде болмайды. Алайда азық-түлік, құрылыс материалдарының бағасы күн санап өсіп жатыр. Осыған орай азаматтарымыздың әл-ауқаты төмендеп барады. Сондықтан үй алатын мүмкіндіктері де әрі қарай төмендей береді. Қазіргі уақытта халыққа арзан ипотека түрінде көмек керек. Әлем тәжірибесіне қарасақ, дағдарыс кезінде экономикаға қаржы құйып, тірілтеді. Ақша айналымын көбейтеді, - деп атап өтті одақ төрағасы.
Сонымен қатар ол инфляция кезінде баспана алудың тиімділігін былай түсіндірді.
Теңгенің құндылығын инфляция «жеп» қояды. Қазір егер несие арзан болса, 5%-дан аспаса, несиені қайтару жеңілдейді. Тек теңге емес, доллардың өзі құлдырап, құндылығы түсті. Осы 30 жылдың ішінде доллардың құны 104%-ға төмендеді. 2020 жылы валютаның төмендеуі 10-15%-ды көрсетті. Зерттеулерге сүйенсек, жыл сайын теңгенің құлдырауы 12-14%-ға артады. Ол сәйкесінше, құрылыс заттарының қымбаттауына ұласады. Құрылысшылар үшін ең маңызды нәрсе – тұрақтылық, - деді Талғат Ерғалиев.